Айгерім Әбдіқұл: "40 күндік нәрестенің қолын салып бердім" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгерім Әбдіқұл: "40 күндік нәрестенің қолын салып бердім"

Айгерім Әбдіқұл: "40 күндік нәрестенің қолын салып бердім"


Бүгінгі таңда халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын емшілер жетерлік. Соның ішінде Шымкент қаласында 10 жылдан аса халықпен жұмыс жасап, ем жүргізіп келе жатқан, "МК" production ұйымдастырған "Тек қана №1" жобасында "№1 Емші" номинациясын жеңіп алған жас сынықшы Айгерім Әбдіқұлмен Caravan.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан болатын..

  • 3 Шiлде 2021
  • 1304
Фото - Caravan.kz

— Сізді бәрі Шымкенттің №1 емшісі деп жатады, қай жылғысыз? Толық есіміңіз?

— Менің есімім — Әбдіқұл Айгерім Нұрғалиқызы. 1994 жылы өмірге келдім. Қазіргі таңда тірегім бар, төрт баланың анасымын шүкір.

— Алғаш емші екеніңізді неше жасыңызда түсіндіңіз?

— Жалпы мен, ең алғаш өзімде осындай ерекше қасиетімнің бар екенін  білгенімде жасым бес-алтыда болатын. Сол кезден бастап ерекше тылсым күштің, ішкі түйсігімнің, жан дүниемнің ерекше екендігін байқадым. Оны жан-жағымда адамдарда байқаған. Дегенмен балалық шағым өте керемет өтті, басқа балалар сияқты ойнап, күліп еркін өстім. Мектепті бітіргенше қоғам белсендісі болдым, барлық іс-шараларға қатысып, сондай бір пысық қыз болдым. Аллаға шүкір! Мен әрқашан айтатынмын “әлемді біреулер ақылмен билейді, біреулер сұлулықпен билейді, ал енді біреуі ерекшелікпен билейді”, -деп. Билеу дегенді енді мен бұл жерде атақ, мансап, дүние емес. Ерекше бір қасиет сияқты, таңқалдыру дегендей ғой. Жалпы бұл нәрсе менде 9-сыныптарда ашыла бастады. Шамамен 13-14 жастамын. 11 сыныпты бітірген соң, өзімде сондай қасиеттің бар екендігін біліп қолыма алдым. Енді бұйыртса келесі жылы халықты емдеп жүргеніме 10 жыл болады екен. Осы жылдар аралығында екі мамандықты тәмәмдадым. Оның бірі-дефектолог, екіншісі медициналық білім — акушер.

— Жақында Шымкент қаласында өткен "МК" production ұйымдастырған "Тек қана №1" жобасында "№1 Емші" номинациясын жеңіп алыпсыз құтты болсын.

Иә, Рахмет! Аллаға шүкір. Бұл жоба барлық қалада өтіп жатыр. Шымкент қаласында өткен жобада сұрақ қойған кезде халық мені таңдап, менің атымды жазып, менің парақшаларымды тоқтамай белгілеген екен. Халқыма шексіз алғысымды білдіремін. Мені осылай ең мықты емші деп санағандары мен үшін үлкен мәртебе.

— Бұл қасиет сізге кімнен дарыған?

— Негізі қасиет деген ата тектен келеді деп ойлаймын. Нағашы атам яғни анамның әкесі бұрын сынық салған екен. Ал анам тігінші болған, өз дүкені бар. Ал арғы аталарым яғни анамның әкесінің анасы емші болған екен. Қазіргі тілмен айтқанда “врач” болған. Бала тудырған. Сол екі қасиет Аллаһтың қалауымен маған дарыған. Және өзімнің жеті аталарымнан да келген қасиеттер. Сонымен қатар нота білмей, қобыз тартып кеткенмін.

— Қобызды бірден қолға алып күй шерттіңіз бе сонда?

— Жалпы бұрын бізде халық арасында қобыз тартатындар өте көп болған ғой. Қобызбен халықтың мұң, шерін жеткізген. Сонымен қатар қуаныштында жеткізген. Миын демалдыру үшін де домбыра, қобыз тартқан. Қазіргі психология да музыка терапиясы деп атайды. Аллаһтың қалауымен осы қасиетті қобызды өздігімнен ешқандай білімсіз тартып кеттім. Екі жақтанда келген қасиет деп ойладым өзім.

— Күніне қанша адамды емдейсіз? Ем берген кезде өзіңіз қатты шаршап қалмайсыз ба?

— Негізі күніне ең көп 100 адам емдеген шығармын. Осы он жылдың ішінде уақытымды тек халыққа арнаппын. Кемінде 50 адам емдеп жіберемін. Қазіргі таңда өзімнің “Жан мен Тән” деп аталатын жеке орталығым бар. Негізі бір өзім бастағанмын. Соңғы екі жылдың ішінде толыққанды клиника аштым Халық медицина орталығы “Жан мен Тән” деп атын қойдым. Қазіргі таңда өзімнің шәкірттерім сол орталықта жұмыс жасайды. Маған келген халықтан қатты ауыртпашылық бар деп айта алмаймын. Мен керісінше адам емдеген сайын өзімді жақсы сезінемін, жеңіл болады маған. Алладан ниет етіп сұраймын, маған келген кісілер жақсы болып кетсе екен деп. Бір-бірімізбен энергия алмасамыз. Сол үшінде қатты шаршамайтын шығармын.

— Бұрын немен айналыстыңыз? Қандай қызметте жүрдіңіз?

Оқу бітіргелі бері 10 жыл болды міне халықты емдеп келемін. Жалпы оның арасында педогогиканы және психологияны бітірдім. Бұған дейін бухгалтердің көмекшісі дейтін сияқты уақытша жұмыстар атқарғанмын. Ал негізі жұмысым осы он жыл бойы халықпен біргемін, емдеп келе жатырмын.

— Ақыңыз қанша, халықтың қалтасы көтере ме?

— Клиникамның ақысы бар. Әрине қалта көтереді, өте тиімді баға қойғанмын. Себебі онда массаж, хиджама, терапия жүргіземіз. Омыртқа, грыжа сияқты ауруларға ем жүргіземіз. Бірақ өзіме жеке консультацияға келген адамдарға ақым мынадай демеймін, патша көңілдерінен не шықса аламын. Ең бастысы ниеттеріне қарай болады бәрі. Құр қолға бата жүрмейді дейді ғой. Әркім өзі біледі.

— Өзіңіз емдеген ерекше науқастар туралы айтып өтсеңіз?

— Жалпы енді 10 жылдың ішінде қаншама халықты емдеп келе жатырмын ғой. Көбісі есімде қала бермейді. Бірақ ең алғаш рет осыдан сегіз жыл бұрын бір қыз қатты ауырып келеді. Оның трамвасы бала түсігі екен. Ол психологиялық тұрғыдан өте шаршаған. Ол қыздың жанын да, тәнін де емдеп алғанмын Алланың қалауымен. Ол кезде терапияны білмегенмін ғой, заман дамымаған кез. Қазір қарап тұрсам сол адамды терапия арқылы емдеген екенмін. Осы жағдай есімде қалып қойыпты. Содан соң алғаш рет сынық қасиеті қолыма қонып, үйрене бастаған кезімде 2019 жылы қателеспесем төртінші балама жүкті болғам. Сол кезде 40 күндік баланы маған алып келді, қолы тайып кеттіма көріп беріңізші деп. Сол нәрестенің қолын салып жібергенмін. Содан қолымдағы биоток күшейіп, әрі қарай сынықшы болып халықты емдеген жайым бар!

 

Соңғы жаңалықтар