"Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу өте күрделі әрі жауапты қызмет" - Массажист маман - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу өте күрделі әрі жауапты қызмет" - Массажист маман

"Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу өте күрделі әрі жауапты қызмет" - Массажист маман

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс істеу үшін қаншалықты мүмкіндік берілуде? Оларға деген қандай да бір шектеулер бар ма? Олар қандай жұмыстарды атқара алады?

  • 27 Наурыз 2023
  • 67
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сұрақтарға көз жанарында ақауы барына қарамастан Церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған тегін оңалту орталығында  балаларға массаж жасаумен айналысатын Азамат Шерәлі Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

— Сұхбатты өзіңізден бастасақ…

Негізі өзім туралы көп айтқым келмейді. Көзімнің ақауы бар, алайда көзім жақсы көреді. Өмір болғаннан кейін түрлі жағдайлар болып жатады. Осылай өмірге келген екенмін, еш өкінішім жоқ. Осы жағдайым осындай сал ауруымен ауыратын балаларға кішкене болсын көмек беруіме мүмкіндік беріп тұрғанына дән ризамын.

— Церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған тегін оңалтудағы қызметіңіз туралы айтып өтсеңіз?

Өзім де ерекше жан болғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескім келетін. Кішкентай балаларға, оның ішінде сал балаларға көмектесу мақсатында массаж оқуын оқығаннан кейін Алматыдағы Церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған тегін оңалтуға жұмысқа тұрдым. Баланың әрбір бұлшықетін мұқият массааждаймын. Біздің балаларға массаж не үшін қажет: сүйектерді, бұлшықеттерді және буындарды нығайтады; бұлшықет кернеуі мен спазмы төмендейді; жүрек-тамыр жүйесін қатайтады; моториканы дамытады; жүйке және иммундық жүйелерге оң әсер етеді.

Массаждың ең негізгі артықшылығы ол — мидың дамуы, өйткені процедура кезінде бала тактильді сезімге ие болады. Осылайша балалар тезірек және жақсы дамиды. Сал ауруымен балалар болғандықтан оларға одан көп есе көмектеседі.

— Цебральды сал ауруына шалдыққан балаларға массаж қалай жасалады?

— Церебральды сал ауруына арналған массаж ересектерге қарағанда қатты ерекше емес, алайда өзінің артықшылықтары бар. Сал ауруына шалдыққан балаларға жасайтын болғандықтан олардың бұлшық еттері мен буындарының нығайы үшін, бұлшықеттің кернеуіне көбірек мән береміз. Солай балалар тез дами түседі. Церебральды сал ауруы күрделі және ауыр патология болып табылады, ол кешенді емдеуді қажет етеді.

Бұл ауруды емдеу ұзақ және күрделі, оған көптеген процедуралар кіреді және массаж ерекше рөл атқарады!

Қысқаша айтқанда, жаңа айтып өткенімдей, массаждың негізгі мақсаты -бұлшықеттердің кернеуі мен қаттылығын жеңілдету, қатыгез позалардың көрінісін азайту. Сонымен бірге әлсіреген бұлшықет топтары күшейеді.

— Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеудің өзі қаншалықты күрделі әрі жауапты жұмыс екенін өзіңіз жақсы білесіз. Осындай ерекше балаларды бағып-қағып, тәрбиелеп отырған ата-аналарға айтарыңыз бар ма?

— Әрине дұрыс айтасыз, келісемін. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу  расында да өте күрделі әрі өте жауапты қызмет. Әртүрлі тәрбиеде, әртүрлі ортада өскен адамдар бар. Біреулер жағдайды бірден қабылдайды, ал кейбірі “қалайша” деп депрессияға түсіп кетіп жатады. Өйткені, психикалық дамуы тежелген, ақыл ой кемтарлығы бар, ауытқуы бар балаларға қараудың өзі қиын. Мұндай балалардың ата-анасы ондай жайттарды, ондай қиындықтар күнде, күн сайын, тіпті минут сайын көреді. Оларды бағып қағу, оларды мектепке апару, арнайы клиникаларға, мектептерге апару ол қиынның қиыны. Мен қызмет ететін Церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған тегін оңалтуда барлығы тегін жасалады. Кейде адамдар “тегін” дегеннен қашып жатады ғой. Керісінше “ақылыға бергенім жақсы” деген сияқты. Тегін берілетін қызмет түрлерінен қалмау керек. Өйткені, церебральды сал ауруына шалдыққан адамдардың дәрі-дәрмегі, емі арзан тұрмайды. Тек қана сал ауруына шалдығатындар емес, жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарына, жақындарына арналады. Өйткені ол психологиялық тұрғысынан да, физикалық, материалдық тұрғысынан да оңай нәрсе емес. Сондықтан ата-аналарды ең бірінші кезекті сабырлыққа шақырғым келеді. Депрессия, стресс ештеңені шешпейді. “Біз жеңеміз”, “біздің қолымыздан” келеді деген нақты сенім болған кезде барлығы да жақсы жаққа өзгереді деп ойлаймын.


Айта кететін жайт, арбада отыратын жандарды бізде “мүгедек” деп айтып жатады. Алайда әлемде қазіргі кезде бұл сөз қолданылмайды. "Мүгедек" сөзі ағылшын тілінен шыққан. Бірақ ағылшын тіліндегі invalid ("әлсіз", "ауыр") сөзі қазір ерекше қажеттіліктері бар адамға сілтеме жасау үшін қолданылмайды.

Қазіргі ағылшын тілінде сөйлейтін адам үшін бұл сөз дөрекі және ескірген болып көрінеді.

Бейтарап сөйлем "disabled people" (мүмкіндігі шектеулі жандар) немесе "people with special needs" (ерекше қажеттіліктері бар адамдар). Әлемдік стандарт ретінде "people-first language" ережесі қабылданады — біреу туралы сөйлескенде, бірінші кезекте оны адам деп атайды, содан кейін ғана оның ауруы немесе ерекшелігі туралы айтады.

Соңғы жаңалықтар