1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың дабыл жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

  • 27 Ақпан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.


Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар