10 дана батарейкаға 9 млн теңге – Жамбыл облысының әкімдігі көзге түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 дана батарейкаға 9 млн теңге – Жамбыл облысының әкімдігі көзге түсті

10 дана батарейкаға 9 млн теңге – Жамбыл облысының әкімдігі көзге түсті

 

  • 30 Қыркүйек 2021
  • 110
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысының әкімдігі көлемі сұқ саусақтай кішкентай батарейкаларды сатып алуды жоспарлаған екен, дейді Telegram-дағы каналдардың бірі. 

Бұл туралы Caravan.kz порталы  Zakon.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Бірақ ол батарейкалардың бағасы сұмдық: бір данасының құны 901 700 теңге! Барлығы 10 тал батарейка алу үшін жалпы 9 млн 17 мың теңгені бөліп қойып, мәз боп отыр еді, қызық сосын басталды:

Антикор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сатып алу жоспарланған батарейкалардың бағасы тым асыра көрсетілгенін байқап қойып, әкімдікке бағаны қайта қарастыруға кеңес берумен ғана шектелді, делінеді хабарламада.


Соңғы жаңалықтар