11-13 қазан күндері Қазақстанда күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11-13 қазан күндері Қазақстанда күн суытады

11-13 қазан күндері Қазақстанда күн суытады

Синоптиктер 11-13 қазан күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады деп болжауда.

  • 10 Қазан 2016
  • 565
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан аумағы арқылы жылжитын атмосфералық фронтальды бөліктер алдағы үш күндегі ауа райына ықпал ететін болады. Атап айтқанда, облыстардың басым бөлігінде жауын-шашын, қар, кей жерлерде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Тіпті күндізгі уақытта температура нөлге жақындайды. Бұл әдеттегі ауа райынан 3-6ºС төмен», — делінген «Қазгидромет» РММ хабарламасында.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр 12 қазан күні басталады, ал 13 қазан күні қатты жауын жауып, температура әдеттегіден 3-5ºС төмендейді.  Тек батыс облыстарында аздаған жаңбыр жауып, кейінірек антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Бірақ, жексенбі күні 20-25ºС көрсетсе де, бұл аптадағы ауа температурасы күндіз 5-13ºС аспайды.

Соңғы жаңалықтар