Анасы тастап кеткен жеткіншекті өз бауырына басқан күдікті уақыт өте осындай қылмысқа баруға бел буған. Ал қылмысын тұрмыс тауқыметі деп түсіндірмекші болды. Тәртіп сақшылары жеңгетайдың қолына тура ақша алып жатқан жерінде кісен салған. Тәркіленген қаржы бірден дәйектеме ретінде тіркеліп, кәмелет жасына толмаған қызды саудалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал күдікі қолхатпен бостандыққа жіберілді.
Күдікті:
— Тәнін саудалап ақша табады деп ойладым. Клиентті де тауып қойған болатынмын. Мектепке бармайтын болғандықтан осылайша қаржылай көмек етсе екен деп едім. Жасағаныма енді өкініп отырмын.