14 жастағы қырғызстандық АҚШ президентінің грамотасына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 жастағы қырғызстандық АҚШ президентінің грамотасына ие болды

14 жастағы қырғызстандық АҚШ президентінің грамотасына ие болды

Қырғызстандық Бекназар Әліқұлов АҚШ-тың үздік 10% оқушылары қатарына енді, деп хабарлады КирТАГ-қа оқушының апасы,  

  • 1 Маусым 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы филиалының директоры Динара Сүймалиева.

Оның сөзіне қарағанда, 14 жастағы Бекназар алты жыл бұрын жанұясымен бірге АҚШ-қа кеткен.

«Қазір ол 8 сыныпты бітірді. Вайоминг штаты Шеридан қаласындағы мектепте оқиды. GPA бойынша 100 ұпайдың 100-ін жиған ол АҚШ-тың үздік 10% оқушыларының қатарына енген», — деді Д. Сүймалиева.

Бекназар үздік оқығандығы үшін АҚШ  президенті Барак Обаманың қолы қойылған грамотаға ие болды. Оқушы болашағын медицинамен байланыстыруды жоспарлап отыр.


Атап өтейік, АҚШ-та GPA (Grade Point Average) жүйесі бойынша оқу үлгерімінің орташа ұпайы есептеледі.