Полиция қызметкерлері көлікті әуежай маңынан тауып, тоқтатпақ болғанда қыз жылдамдықты одан сайын үдете түсіп, Белоусовка ауылына қарай тартқан. Алайда көлік айдауды жете меңгермеген ол ақырында ағашқа соғылып, тоқтайды. Қасында тағы бір жігіт отырған. Сөйтіп екеуі көлігін тастап, жаяу қашады. Ақырында ұсталады.
Қазір мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның сыбайласы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Жасөспірім көліктің құлпын еш қиындықсыз бұзғанын, ал оталдыру әдісін интернеттен үйренгенін айтты. Қасындағы 22 жастағы жігіттің бұрын істі болғандығы анықталды. Оны оқушы қыз досым деп таныстырды.