16 адам зардап шеккен: Қазақстан шекарасына жақын жерде жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 адам зардап шеккен: Қазақстан шекарасына жақын жерде жарылыс болды

16 адам зардап шеккен: Қазақстан шекарасына жақын жерде жарылыс болды

Қазақстан шекарасына жақын жерде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болып, 16 адам зардап шекті.

  • 22 Қазан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 05:01-де төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария ауданындағы Мәлік ауылында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Осыдан кейін оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария аудандық медицина бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді", — делінген хабарламада.

Зардап шеккен төрт адам Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында стационарлық бақылауға алынды. Зардап шеккендер арасында ауыр жараланғандар мен ауыр халде жатқан науқастар жоқ екені атап өтілді.


Еске салайық, оқиға 22 қазан күні таңғы сағат 4:55-те Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің Малик кентіндегі қоймасында болған. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын және жарылысқа не себеп болғанын нақтыламады.