16 мың адам: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 мың адам: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

16 мың адам: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

Су тасқыны кезінен бастап 16 мыңға жуық адам құтқарылып эвакуацияланды, оның ішінде шамамен 6 мың бала.

  • 2 Сәуiр
  • 35
Фото: ТЖД

Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Су тасқыны кезінен бастап 16 мыңға жуық адам құтқарылып эвакуацияланды, оның ішінде шамамен 6 мың бала. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде шамамен 4 мың адам, оның ішінде 2 мыңға жуық бала бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Еріктілер ТЖ аймақтарында қажетті көмек көрсетуде. Су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жалғасуда.

Тәулік бойы қалыптасқан жағдай туралы азаматтар хабардар етілуде. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

Бір аптадағы АМО статистикасы:

Өткен аптада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 азаматқа, оның ішінде 263 балаға көмек көрсетті. 29 азаматқа, оның ішінде 2 балаға медициналық көмек көрсетілді.

АМО психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. «Жедел желі» телефонына қазіргі таңда 717 қоңырау түсті, оның 674 – і ақпараттық сипатта, 43-і шұғыл психологиялық көмек сипатында.

Соңғы жаңалықтар