Франция сенаты көпшілік дауыспен 16 жасқа дейінгілер арасында сұлулық конкурстарын өткізуге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады сәрсенбіде АП агенттігі.
"Жастайынан қыз балаларға ең маңыздысы — сыртқы келбетің деген ойды ұғындырмайық", деді заң жобасының авторы, бұрынғы спорт министрі Шанталь Жуанно.
Заң бұзушыларды екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және оларға 30 мың еуро айыппұл салу ұсынылған.
Заң жобасы бойынша қорытынды дауыс парламенттің төменгі палатасында берілмек.