17 елдің допингіге қарсы агенттіктерінің басшылары WADA-ны реформалауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 елдің допингіге қарсы агенттіктерінің басшылары WADA-ны реформалауға шақырды

17 елдің допингіге қарсы агенттіктерінің басшылары WADA-ны реформалауға шақырды

17 елдің допингіге қарсы агенттіктерінің басшылары допингіге қарсы соңғы жанжалдардан кейін Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттікті реформалау қажеттігін мәлімдеді.

  • 31 Тамыз 2016
  • 363
Фото - Caravan.kz

Олардың ішінде АҚШ, Германия және Ұлыбритания агенттіктерінің өкілдері де бар.

Компенгагендегі саммитте ұсынылған реформалардың арасында — агенттік басшылары сонымен бірге басқа да спорттық ұйымдарда лауазымда қатар атқармауы үшін WADA-ға көбірек тәуелсіздік беру мәселесін қозғады. Мәселен, WADA-ның қазіргі басшысы Крейг Риди сонымен бірге Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті болып қызмет атқарады, деп хабарлады РИА Новости.

Допингіге қарсы агенттіктердің басшылары бірлескен мәлімдемесінде қазір «таза» спорт үшін күрес тұйыққа тіреліп тұрғанын атап көрсетті.


Бұдан бұрын  WADA-ны реформалау қажеттігін Рио-де-Жанейрода өткен ХОК сессиясының делегаттары да көтерген болатын. WADA, өз кезегінде «допингіге қарсы жүйені қайта қарауға» әзір екендігін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар