17 жастағы Алматы тұрғыны тирден пневматикалық бесатар ұрлады
Полиция қызметкерлері тирден пневматикалық бесатар ұрлаған 17 жасар Алматы тұрғынын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады. |
Құрлық "Медеу" спот кешенінің тирінде жасалды. Жігіт тирдің есігін бұзып кірген. Қазір ұрланған бесатар спорт кешенінің әкімшілігіне қайтарылды. Ал тұтқын уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Сондай-ақ, қаланың Медеу ауданында Алматы облысы Талғар ауданының 44 жастағы азаматы ұсталып, одан ТОЗ-8 маркалы шағын калибрлі оқсыз бесатар тәркіленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін