Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
Ол Инстаграм желісінде:
"Таң атпай көңілімді түсірді…
Менің фан парақшаларымның барын бұрын да білетінмін. Бірақ олардың кейбірі мен көре алмайтындай етіп, түрлі сенімсіз жарнамалар мен ұятсыз (18+) дүниелер жазып, оқырмандардың ашуына тиеді екен.
Құрметті оқырман, менің #ресми парақшам осы.
Ал басқа ұнамайтын контент салатын парақшаларды көрсеңіз #пожаловать дегенді басыңыз. Мұндай парақшаларды мамандарға тапсырдым.
Енді әр фан парақшаны тексеріп отырамын. Ешқандай жарнамасыз әп-әдемі, тап-таза жүргізіп отырған парақшаларға алғысымды айтамын."-деді.
Желі қолданушылары:
"сізді көре алмайтындар көп", "сізді жақсы көреміз", "мықтысыз","Әдемісіз", "Жазасын беріңіз" — деген пікірлер қалдырды.
Еске салсақ, соңғы жылдары фильмге түскен сәттен бастап танымал бола бастаған Жұлдыз Әбдікәрімованың фан-парақшалары күрт көбейген.