23-25 жас аралығындағы жараланғандардың алтауы жеңіл жарақаттанған, бытыра олардың аяқтарына және жамбастарына тиген. Бәріне медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал 38 жастағы ер адамға оқ кеудесіне және ішіне тиді. Оған Ақжар ауылының ауруханасында операция жасалды, қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ, деп хабарлады полицияда.
Полицейлер оқиға орнынан гильза мен сол жерге жақын маңда 12 калибрлі тегіс оқпанды аңшы мылтығы тапқан. Оқ дәл осы мылтықтан атылған.
Мергеннің жеке бас мәліметтері бірден анықталды: ол Тарбағатай ауданы Туғыл кентінің 18 жасар жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұзақыны іздеп табу да көп уақытты алмады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ұстаған мылтығы заңсыз болып шықты.
Оқпен атылатын мылтықты қолданумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.