Жарияланды: 230

184 елдің ғалымдары адамзатқа төнген қауіп туралы ескертті

184 елдің ғалымдары адамзатқа төнген қауіп туралы ескертті

Түрлі елдің15 мыңнан астам ғалымы екінші мәрте «Адамзатқа ескерту» жасады.

Оның мәтіні BioScience журналында жарияланды. Ғалымдар осылайша халықтың назарын экологиялық қауіпті өзгерістерге аударғысы келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы үндеу 1992 жылы шыққан. Ол уақытта үндеуге 1,7 мыңнан астам ғалым қол қойған. Оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары да бар.

Ғалымдар биыл қайта ескерту жасауды жөн көрді. Бұл жолы үндеуге 184 елдің 15,3 мың ғалымы қол қойды.  

Статистикаға сүйенген зерттеушілер 25 жылда адамзат экологиялық мәселелерді шеше алмағанын айтады. Оның кейбірі тіпті ушығып барады. Десек те, ғалымдар алға ілгерілеу бар екенін де атап өтті. Оның ішінде озон қабатын бұзатын заттардың төмендеуін айтады. Бұл адамзаттың әлемді жақсы жаққа қарай өзгертуге қауқары жететінін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін