1986 жылғы келіншек өз баласын Жаңаөзен қаласына сатып жіберген - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1986 жылғы келіншек өз баласын Жаңаөзен қаласына сатып жіберген - ОҚО

1986 жылғы келіншек өз баласын Жаңаөзен қаласына сатып жіберген - ОҚО

ОҚО тұрғыны 1986 жылғы келіншек өз баласын сатты деген күдікпен ұсталды. 

  • 29 Мамыр 2015
  • 771
Фото - Caravan.kz

Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Айтымовтың айтуынша, әйел өз баласын Жаңаөзен қаласының тұрғынына сатқан.

«Ол нотариуста баланы беретіні туралы сенімхат рәсімдеп, ақысына 200 мың теңге мен алтын сырғалар жиынтығын алған», — деді прокурордың орынбасары.

1986 жылғы әйел баласын сатып, өзінің материалдық жағдайын жақсартпақ болған. Сатқан баласы оның 5-ші сәбиі. 4 баланы асырауға мүмкіндігі жоқ әйел осындай қадамға барғанын айтады. 
Нәрестені сатып алушыны ғаламтор арқылы тапқан. Баланың анасына қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге түрмеге отыруы мүмкін.