1999-2003-жылдар аралығында шетелдік азаматтар елімізден 3127 баланы асырап алған - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1999-2003-жылдар аралығында шетелдік азаматтар елімізден 3127 баланы асырап алған - Бас прокуратура

1999-2003-жылдар аралығында шетелдік азаматтар елімізден 3127 баланы асырап алған - Бас прокуратура

1999-2003-жылдар аралығында шетелдік азаматтар елімізден 3127 баланы асырап алған. Бұл туралы бүгін, 30-қазанда Астанада ҚР бас прокуратурасы коллегиясының отырысында аталмыш мекеменің мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуын қадағалау департаментінің бастығы Андрей Кравченко хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алу ағымы арта түсті. Бүгінде еліміздегі әрбір төртінші баланы шетелдіктер асырап алуда».

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан аумағында бала асырап алуды кәсіпке айналдырған шетелдік компаниялардың 28 өкілдігі жұмыс істейді, олардың орташа қызмет құны 20-50 мың доллар көлемінде. «Алайда бұл қаржыдан мемлекеттің салық қоржынына бір тиын да түспейді»,- деді А.Кравченко.
А.Кравченконың пайымдауынша, «баланың құқығы бұзылмаған жағдайда, шетелдіктердің осыншама көп баланы асырап алуы үлкен қасіретке айналмас та еді». Атап айтсақ, шетелдік бала асырап алушылар оны елден әкетпес бұрын сол асыралушы баламен кем дегенде екі аптадай уақыт бойы етене жақын байланыс орнатуы тиіс деген заң талабы мүлдем орындалмай отыр. А.Кравченконың айтуынша, «бала асырап алу процессі көп жағдайда асығыс-үсігіс жүзеге асырылады, ал шын мәнінде мұндай қадам байыппен іске асырылуы тиіс екені дау туғызбаса керек».
Бас прокуратураның мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда тек АҚШ аумағында Қазақстаннан асырап алынған 2526 бала бар көрінеді. Алайда, «Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы консулдық қызметінің «шағын» болуы себепті бұл балалардың барлығының бірдей тағдырын қадағалап тексеруге дәрмені жетпейді»,- дейді А.Кравченко.
Аталмыш тексеру қорытындысы бойынша ҚР бас прокуратурасы республика үкіметінің атына бала құқығын қорғау саласындағы ахуалды жақсартуға байланысты ұсыныстар жолдады.

Соңғы жаңалықтар