19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталады

19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталады

Ертең, 19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессі басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2004
  • 513
Фото - Caravan.kz

Шараға жалпыұлттық БАҚ-тардың басшылары, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, қоғам және саяси қайраткерлер, танымал журналистер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 280 делегат қатысады.

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, форумға ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов, мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов, әділет министрі Оңалсын Жұмабеков тәрізді ресми адамдар қатысады. Сондай-ақ, елімізде аккредитацияланған елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері де шақырылған.
Конгресс бағдарламасына сәйкес, онда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, Қазақстанда жарнама нарығын дамыту, Қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік мекемелермен ықпалдастығы, масс-медианың баспасөз қызметтерімен арақатынасы, журналистерді дайындау стандарттарына деген жаңаша көзқарас мәселелері сарапталады.
Конгресс жұмысының екінші күні, 20-ақпанда Қазақстан журналистері конгрессінің «Жыл журналисі» атты сыйлығы табыс етіледі.