1-шілдеден бастап Қазақстан аумағында көші-қон карточкалары енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-шілдеден бастап Қазақстан аумағында көші-қон карточкалары енгізіледі

1-шілдеден бастап Қазақстан аумағында көші-қон карточкалары енгізіледі

1-шілдеден бастап Қазақстан аумағындағы барлық шекара сызықтарын бойлай көші-қон карточкалары енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 27-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі Істер министрлігінің көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Алексей Сергеев хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

1-маусымнан бері көші-қон карточкалары халықаралық әуежайларда таратыла бастаған болатын. Көші-қон карточкалары екі ортада визасыз қатынау тәртібі енгізілген елдердің азаматтарына тегін таратылатын болады. А.Сергеевтің айтуынша, көші-қон карточкасы шекарадан өткен шетелдіктерді есепке алу және олардың ел аумағындағы қозғалысын мұқият қадағалауға мүмкіндік береді.

Көші-қон карточкаларымен бір уақытта шетелдік азаматтарды тіркеудің электрондық жүйесі енгізілмек. Сондай-ақ, шетелдік азаматтарды тіркеу тәртіптері жөніндегі ҚР ІІМ-нің жаңа бұйрығы дайындалу үстінде. Ол бойынша шетелдіктерді тіркеу процедурасы біршама жеңілдетіледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар