Ерема мұздай қаруланған бір топ сыбайласымен былтыр қаңтар айында маңғыстаулық екі тұрғынның пәтеріне баса-көктеп кіріп, оларды ұрып соққан. Сөйтіп 24 мың доллар мен 270 мың теңгені алып, оқиға орнынан із суытқан болатын. Екі жылға жуық уақыт ішінде серіктері қолға түскенімен, Ереманың өзі ел аумағында жасырынып жүріпті. Қазір оған қатысты іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.