Жарияланды: 430

2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыстағы бағалар 2,1%-ке өсті

2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыстағы бағалар 2,1%-ке өсті. Құрылыстағы бағалардың өсуі барлық технологиялық құрылым элементтерінің: құрылыс-монтаждау жүмыстарының - 3,1%, технологиялық жабдықтардың - 1,2%, өзге де жұмыстар мен шығындардың - 1% қымбаттауымен байланысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Агенттіктің баға және еңбек статистикасы департаментінің директоры Н.Кривконың хабарлауынша, жыл басынан бергі кезеңде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер мен конструкциялар ішінде бағалардың аса көп - 5,4% өсуі портландцементте байқалған, ол 2002 жылдың осы мерзімінде 1,6% арзан болған. Асбестцементтік жаймалар 4,8% (2002 жылғы сол кезеңде - 0,7%), тауарлық бетон - 4,5% (1,6%), болат құбырлар -4% (1,3%), силикатты кірпіш - 3,7% (2,7%), ағаш - 2,7% (4,6%), линолеум - 1,8% (3,3%) қымбаттаған. Бағалар кейбір құрылыс материалдарына ғана: әйнекке - 3,3%, құрылыстық ерітінділерге - 1,2%, сырларға - 0,4%, қыштық тақталарға - 0,2% төмендеген. Республикада құрылыс материалдарының жекелеген түрлерінің бағаларында аймақаралық айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйегінде бағалардың аса жоғары және аса төмен мәндерінің алшақтығы цементке - 1,9 есе, линолеумге - 2,1 есе, қыштық тақталарға - 2,4 есе, құрылыстық құмға - 14,2 есе құраған. Мұның өзінде салыстыру эталоны ретінде алынған қыш кірпіштің бағасы керамзиттік ұсақ тас бағасынан - 64%, құрылыстық ерітінді бағасынан - 56%, тауарлы бетон бағасынан - 44%, портландцемент бағасынан 41% жоғары, бірақ металл конструкциялардан 5,8 есе және силикатты кірпіш бағасынан 15% төмен болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін