2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағалармен 3270,2 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағалармен 3270,2 млрд. теңге болды

2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағалармен 3270,2 млрд. теңге болды

2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі ағымдағы бағалармен 3270,2 млрд. теңге болды. Нақты ЖІӨ 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 109,1% өсті. ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі ЖІӨ-де - 41,8%, қызмет көрсетуде - 52,8%. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің KZ-today тілшісіне жолдаған биылғы 10 айдағы макроэкономикалық көрсеткіштер туралы хабарламасында айтылған.

  • 12 Қараша 2003
  • 468
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың қазанында тұтыну бағаларының индексі 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына — 3,5%, азық-түлік емес тауарларға — 5,4%, ақылы қызметтерге — 4,3% өсті. 2003 жылдың қазанында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағалары 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,8% өсті.

2003 жылдың қазанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 644,1 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 8,3%-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту мекемелерінде қазанның аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны — 153,4 мың адам болды, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі — 1,9%.

Соңғы жаңалықтар