Жарияланды: 640

2003 жылы "Семей Орманы" мемлекеттік резерватындағы өрт оқиғаларынан 292,8 млн. теңгенің шығыны келді

2003 жылы "Семей Орманы" мемлекеттік резерватына қарасты орманды алқаптағы өрт оқиғаларынан 15 мың гектар ағаш өртенді. Оның 90% резерваттың қалыптасу кезінде, яғни алғашқы 3 айда болды. 1 жыл ішінде орманды алқаптарда 338 рет өрт болып, 334,4 мың текше метр қарағайлы жасыл- желек жойылып кетті. Өрт оқиғаларынан келген шығын 292,8 млн. теңгені құрайды. "Қазір біз осы кемшіліктерден сабақ ала отырып, қаржының көбейтілуіне байланысты жаңа

жұмыстарға негіз қалаудамыз",-дейді "Семей Орманы" резерватының бас директоры Жұмажан Әубәкіров. Өткен жылдың соңына қарай орман резерватының 2 бөлімінде өрттен бақылау мұнаралары салынып, 2 құдық қазылды. Өрт сөндіретін арнаулы киімдер, құралдар, құрылыс материалдары алынды. Қазір ірі өрт ошақтарын бірлесіп сөндіру үшін Алтай орман шаруашылығы басқармасымен бірлесе жоспарлы шаралар ойластырылуда. Ағаштарды рұқсатсыз кесіп, заңсыз тасымалдау жағдайы мақсатты қорғау жұмыстарына қарамастан жалғасып келеді. Резерват құрылған кезден бері заңсыз ағаш кесу оқиғасы 1046 мәрте тіркелсе, соның 66% , яғни 700 оқиғасы Бесқарағай ауданында шықты. Ағаш тонаушыларға 8,4 млн теңге әкімшілік айып салынса, қазірге дейін оның 1,4 млн теңгесі ғана қайтарылды. Биыл орманды қорғауға жұмсалатын қаржы 3 есе көбейді, орманшылар саны артып, олардың еңбекақысы 6 мың теңгеден 12 мыңға көтерілді. Олар қажетті құралдар мен тапаншамен қамтамасыз етілді. Ормандағы байланысты жақсартуға таяуда алынған 113 радиостанция көп септігін тигізбек,-дейді "Семей Орманы" резерваты бөлімшесінің директоры Төлеген Галямов. Биылдан бастап орманды өртенген ағаштардан тазарту бағытындағы санитарлық жұмыстар "Семей Орманы" резерватының өз күшімен жүргізіледі. Меншіктің басқа түріне негізделген мекемелерді ормандағы жұмыстарға араластырмау қарағайлы алқаптағы қасақана өрттерді тыюға септігін тигізеді дейді орман шаруашылыгының мамандары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін