Жарияланды: 430

2003-жыл қорытындысына қарағанда Қазақстан экономикасында "көптеген көрсеткіштер бойынша ілгерілеушіліктер" байқалады - ҚР үкімет басшысы

2003-жыл қорытындысына қарағанда Қазақстан экономикасында "көптеген көрсеткіштер бойынша ілгерілеушіліктер" байқалады. Бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, "2003-жылы Жалпы Ішкі Өнімнің нақты өсімі 9,1%-ті құраса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,8%-ке, жүк тасымалының көлемі 9,8%-ке, ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 1,4%-ке, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10,6%-ке, тауар экспорты 33%-ке өсті". "Өткен жылғымен салыстырғанда егістік алқаптарының көлемі анағұрлым азайғанына қарамастан, 2002-жылғымен бірдей көлемде миллирад пұт астық бастырылды",- деді үкімет басшысы. Д.Ахметовтың пайымдауынша, "өткен жылы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, 2003-жылы үкіметіміз парламентке 30 заң жобасын ұсынды. Олардың жетеуіне мемлекет басшысы қол қойса, қалған 23-і парламент қарауында жатыр. Олардың арасында Бюджет Кодексі секілді айрықша маңызды құжат бар". "Біз тек бағдарламалық құжаттарды жасап қана қоймай, оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және елімізде бизнес саласының белсенділігін арттыруға ынталандыратын нақты тетіктерді де жасай білдік деп пайымдаймын",- деді үкімет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін