Жарияланды: 520

2003-жыл соңына дейін Солтүстік Құмкөл кенішінде 19 ұңғы бұрғылау межеленіп отыр

2003-жыл соңына дейін Солтүстік Құмкөл кенішінде 19 ұңғы бұрғылау межеленген. Қазірге дейін 2003-жылға жоспарланған 27 ұңғының 8-і бұрғыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ПетроКазахстан инк. мұнай компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазір кеніште 2003-жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған айдау қондырғысын монтаждау жұмыстары одан әрі жалғасуда. Сондай-ақ, үшінші тоқсанның аяғына дейін алдын-ала су жіберуге арналған жаңа қондырғы жұмыс істей бастайды. Сонымен бірге, таяу уақыттарда Құмкөл Оңтүстік және Оңтүстік Құмкөл кеніштеріндегі көлбеу ұңғымаларда қосымша насостар орнату көзделіп отыр. Соның нәтижесінде өнім өндіру көлемі артады деп күтілуде. 2003-жылдың екінші тоқсанында Құмкөл кенішіндегі су айдайтын қондырғыда жоғары қысымды қосымша насос орнатылу нәтижесінде тәуліктік айдау қуаты 20 мың баррельге дейін артты. Қазір мұнда қосалқы бөлшектерді ақырғы құрастыру және электр желісіне қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть