2003-жылдың 10 айында "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ 6582,3 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 10 айында "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ 6582,3 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді

2003-жылдың 10 айында "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ 6582,3 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді

2003-жылдың 10 айында "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ 6582,3 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді. Бұл жоспарланған көлемнің 102,6 процентін құрап, өткен жылғы осы мерзімдегі деңгейден 6,6 процентке артты. Межеленген мөлшерге қосымша 168,2 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазақМұнайГаз ҰК " ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 363
Фото - Caravan.kz

Мәселен, баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ұлттық компанияның салалық мұнай өндіруші компаниясы «Өзенмұнайгаз» 2003-жылдың 10 айында мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарын 103,3 процентке артығымен орындады. Компания өндірген өнім 4406,7 мың тоннаны құрап, қосымша 142 мың тонна мұнай шығарылды.

Ал «Ембімұнайгаз» ААҚ жоспарды 101,2 процентке орындап, басқаша айтқанда, 2175,6 мың тонна өнім өндірді, қосымша өндірілген мұнай көлемі 26,2 мың тонанны құрайды.
Табиғи газ өндіру көлемі 969,1 млн. текше метрге жетіп, жоспардың 100,8 процентін құрады.
Компанияның қарамағындағы мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштері өнеркәсіптік құрылыс саласына және кеніштерді игеру жүйесін қалпына келтіру және оңтайландыру шараларына мақсатты түрде әрі ауқымды мөлшерде капитал жұмсау нәтижесінде өсіп отыр.
2003-жылдың 10 айында мұнаймен қамтамасыз ету мөлшері 6475 мың тоннаны құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өсім 5,2 процент болды.
2003-жылдың 10 айында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ 1944 мың тонна мұнай өңдеді, соның ішінде «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ-ның ресурсынан 1541 мың тонна мұнай өңделіп, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,2 процент артық болды. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ есепті мерзімде 258 мың тонна жанармай, 589 мың тонна дизельдік отын, 697 мың тонна мазут өндірді.
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ның жүйесі арқылы 2003-жылдың 10 айында жалпы мұнай тасымалдау көлемі 28 169 мың тоннаны құрап, жоспарланған көлемнен 1,9 процентке, ал 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 13,8 процентке артық болды.
«Интергаз Орталық Азия » ЖАҚ-на қарасты магистралдық газ құбырлары арқылы тасымалданған жалпы көгілдір отын көлемі 2003-жылдың 10 айында 96,92 млрд. текше метрді құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 6,2 процентке артық. Ел ішінде тасымалданған газ көлемі 3 617 млн. текше метрді, халықаралық транзит көлемі 88 470 млн. текше метрді, экспортқа тасымалданған газ көлемі 4 834 млн. текше метрді құрады.
2003-жылдың 10 айында «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 61 млрд. 465 млн. теңге құйды. Жоспар — 55 млрд. 963 млн. теңге болатын.