2003-жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасы бюджетке 8 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын өндіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасы бюджетке 8 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын өндіріп алды

2003-жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасы бюджетке 8 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын өндіріп алды

2003-жылдың қаңтар-қазан айларында Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасы бюджетке 8 млрд. 26 млн. теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын өндіріп алды. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20,9 процентке артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

Үстіміздегі жылдың қазан айында алғаш рет миллиард теңгелік меже алынып, 1 млрд. 27 млн. теңгенің кедендік және салық төлемдері өндіріп алынды. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 20 процентке артық.

2003-жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кеден саласында жасалған қылмыстар бойынша 70 іс қозғады. Әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты 2646 іс қозғалды, соның ішінде 975 іс немесе 36,8 проценті сотқа жіберілді.
Кедендік басқарманың ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың қаңтар-қазан айларында 10,830 млн. теңгенің айыппұлы салынып, 1,360 млн. теңгенің тауарлары тәркіленді.
Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып заңсыз есірткі айналымына қатысты 31 факт, заңсыз психотроптық заттар айналымына қатысты 1 дерек әшкерелеп, 7 килодан астам әртүрлі есірткілік заттарды, соның ішінде есірткінің «ауыр» түрлері мен фенозепам атты психотроптық заттың 440 таблеткасын тәркілеп алды.

Соңғы жаңалықтар