Жарияланды: 390

2003-жылдың 1-қазанында мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 775,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 29,8%-ке өсті

2003-жылдың 1-қазанында ҚР Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 775,9 млрд. теңге болды, бұл 2002-жылғы 1-қазандағыдан 29,8%-ке артық. Ал шығыстар мен несиелендіру мөлшері 776,8 млрд. теңге (37,8% көп) болды. Бюджет дефициті - 0,9 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2003-жылдың қыркүйегінде табыс көлемі 64,2 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салысырғанда 49,7%-ке артық. Пайдалылық деңгейі - 20,3%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санында пайдасыз жұмыс істеген кәсіпорындардың үлесі 34,9% болды. 2003-жылдың 1-қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына таратқан несиесі 879,4 млрд. теңгені құрады. Несиелер көлемінің тұрақты өсу сипаты байқалады. Несиелік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді несиелер үлесі - 62,5%, шетел валютасымен берілген несиелер үлесі - 56,7%-ті құрайды. 2003- жылдың 1- қазанында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 766,9 млрд теңгені құрады, бұл 2002- жылғы 1-қазандағыдан 44,6% көп, соның ішінде тұрғындардың депозиттері (салымдары) тиісінше - 308 млрд. теңге болды, бұл 2002-жылғы 1-қазандағыдан 35%-ке артық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін