2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облысында 43 мың 890 репатриант ресми түрде тіркеліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облысында 43 мың 890 репатриант ресми түрде тіркеліп отыр

2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облысында 43 мың 890 репатриант ресми түрде тіркеліп отыр

2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасында 1991-жылдан бері осында келген 43 мың 890 репатриант ресми түрде тіркеуде тұр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 9 Шiлде 2003
  • 592
Фото - Caravan.kz

Облыста тұратын 43890 репатрианттың 20908-і жыл сайынғы квота бойынша, ал 22982 адам квотадан тыс келген.

Жыл басынан бері алыс және жақын шетелдерден 828 отбасы оралды, бұл отбасылардағы жалпы жан саны 2866 адамды құрайды. Соның ішінде 357 отбасы (1326 адам) Түрікменстаннан, 344 отбасы (1148 адам) Қарақалпақстаннан , 108 отбасы (347 адам) Өзбекстаннан, 16 отбасы (40 адам) Ресейден, 2 отбасы (4 адам) Украинадан, Ираннан 1 адам келді.
Оралмандар негізінен Ақтау (1607 адам) және Жаңаөзен (672 адам) қалаларын тұрақты мекен ретінде таңдауда.
Тарихи отанға оралған 2866 оралманның 2665-і 2003-жылдың алғашқы 6 айында тұрақты мекендену жөніндегі ықтиярхатқа ие болды.
Елбасының 2003-жылдың 10 ақпанында қол қойған «Шетелдерден оралмандарды қабылдау квотасы жөніндегі» №1017 жарлығы бойынша Маңғыстау облысында оралмандар үшін биылғы жылға мынадай квота бөлінген : Өзбекстаннан 256 отбасы, Түрікменстаннан 53 отбасы, Ресейден 5 отбасы, Ираннан 38 отбасы, барлығы 352 отбасы.
Осыған байланысты облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасы 2003-жылдың сәуір айында оралман мәртебесін беру жөніндегі комиссия отырысын өткізіп, 155 отбасына , соның ішінде Өзбекстаннан -100, Түрікменстаннан 51, Ресейден 4 отбасына оралман мәртебесі берілді.
Басқарма болжамына сәйкес үстіміздегі жылы облысқа 7000-нан астам оралман қоныс аударып келеді деп күтілуде.
Оралмандарды тіркеу және уақытша баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі мәселені шешу үшін облыс әкімі Болат Палымбетов облыста шамамен оралмандарға арналып 500 адамға есептелген бейімдеу орталығын құру туралы ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар