2003-жылдың 6 айында Жамбыл облысындағы "Ақбақай кен байыту комбинаты" АҚ 578 кило алтын, 145 кило күміс өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 6 айында Жамбыл облысындағы "Ақбақай кен байыту комбинаты" АҚ
578 кило алтын, 145 кило күміс өндірді

2003-жылдың 6 айында Жамбыл облысындағы "Ақбақай кен байыту комбинаты" АҚ 578 кило алтын, 145 кило күміс өндірді

2003-жылдың 6 айында Жамбыл облысындағы "Ақбақай кен байыту комбинаты" АҚ

  • 11 Шiлде 2003
  • 619
Фото - Caravan.kz

578 кило алтын (өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштің 85,1 проценті шамасында), 145 кило күміс (өткен жылғы шаманың 96 проценті) , сондай-ақ, 6000 тонна алтынды концентрат (113 %) өндірді.

Барлығы 701 млн. 897 мың теңгенің ( өткен жылғы мөлшердің 88,4%) өнімі өндіріліп, 97 мың тонна кен шығарылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі аппаратының өнеркәсіп және энергетика бөлімінің меңгерушісі Ерік Көшербаев хабарлады.
Е.Көшербаевтың түсіндірмесіне жүгінсек, өнім мөлшерінің азаюы руда сапасының төмендеуіне байланысты болмақ. Қазір қазба жұмыстары 350-360 метр тереңдікте жүргізілуде. Оның айтуынша, алтын өндіруші кәсіпорын өндіріс қалдықтарын өңдеу жұмысын жолға қою арқылы алдағы тоқсанда жағдайды қалпына келтірмек ниетте.
Ал Ақбақайдан 30-40 шақырымда орналасқан Мыңарал кенішін игеруші «АБС-Балхаш тау-кен компаниясы» ЖШС 62 млн. 600 мың теңгенің өнімін өндірді. Руда өндіру көлемі 17200 тоннаны құрады.

Соңғы жаңалықтар