2003-жылдың 8 айында Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы 5 млн. тонна жүк тасымалданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 8 айында Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы 5 млн. тонна жүк тасымалданды

2003-жылдың 8 айында Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы 5 млн. тонна жүк тасымалданды

2003-жылдың 8 айында Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы 5 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды. 2002-жылғымен салыстырғанда өсім 37,7 процентті құрады. Бұл туралы бүгін, 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің жабылуында "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-ның вице-президенті Қалтай Сәмбетов мәлімдеді деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 367
Фото - Caravan.kz

Үстіміздегі жылы өткелек арқылы екі бағытта бірдей 7 млн. тонна көлемінде жүк тасымалданады деп күтілуде. Бұл, Қ.Сәмбетовтың пікірінше, екі жақтың бірлескен жұмыс нәтижесі болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Достық станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін 14 млрд. теңге қажет, оның 10 млрд. теңгесін «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ бөлгелі отыр. Бұл қаржы теміржолдың инфрақұрылымдық нысандарын салуға, Ақтоғай-Достық теміржол учаскесін жаңалауға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар