Жарияланды: 520

2003-жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет кірісі 776 млрд. теңгеге жетті

2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджет кірісі өсіп, 776 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 29,8%-ке артық. Бұл туралы бүгін, 21-қазанда өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

Үкімет басшысының мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында еліміздегі өнеркәсіп өнімінің өсімі 107,8%-ті, ауылшаруашылығындағы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 103,7%-ті құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10%-ке артты. Алайда, үкімет басшысының айтуынша, "жоғарғы экономикалық өсу қарқынына қарамастан оның динамикасы төмендей түсуде".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін