Жарияланды: 480

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы өніміне бағалар деңгейі 10,2% көтерілді, мал шаруашылығы өніміне - 1,5% төмендеді. Жыл басынан бергі кезеңде астық дақылдары - 10%, ал бидай - 11,2%, қарақұмық - 8,2%, күріш - 7,2%, сұлы, қарабидай және жүгері -5,2-5,5%, арпа - 1,5% қымбаттады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде көкөніс өнімдері мен картоп бағасы 14,1-14,2% өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен салыстырғанда тұтыну рыногында бағаның қозғалысы жылдамырақ болды. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде қырыққабат ауылда - 26%, бөлшек саудада - 38%, қызылша мен сәбіз - тиісінше 11% және 21-28%, пияз - 6% және 28% қымбаттады, ал қызанақ 15% және 1,1% арзандаған. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде осы рыноктарда пияз бен қызанаққа бағалар алшақтығы 2,7-3,3 есе, қызылша, картоп және сәбізге 1,4-1,9 есе болды. Қой етінің бағасы едәуір - 12,7% өскені, ал құс етінің бағасы - 3,7%-ке төмендеуі байқалған. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жылқы етінің бағасы - 9,2%, ірі қара мал етіне - 3,2%, шошқа етіне - 0,2% өскен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін