Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,0%-ке артты.
Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі — 95,4% — 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 87,2%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 9 айында 54,335 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,9%-ке артты.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 58,6%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 5%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 9,9%-ке, мыс өндіру көлемі 13,1%-ке өсті.
2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 28%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 7%-ке кеміді. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 10,8%-ке азайды.
2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 1,759 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 10,4%-ке азайды. Сонымен бірге, 21,220 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,7%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 64,1%-ке кеміді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр