Агенттік мәліметіне жүгінсек, биылғы қыркүйекте азық-түлік тауарлары бағасының өсуі (1,8-0,1%) өткен аймен салыстырғанда республиканың 7 өңірінде байқалды. Қалған өңірлерде ол төмендеді (0,1%-дан 0,9%-ға дейін).
2003-жылдың қыркүйегінде азық-түлік емес тауарлардың бағасы Алматы облысынан басқа Қазақстанның барлық өңірлерінде өсті. Ең көп өсуі Атырау, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында (1,9%), ең аз өсуі — Алматы қаласында (0,2%) байқалды.
Халыққа ақылы қызмет көрсету бағалары мен тарифтері де өткен аймен салыстырғанда үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Қызылорда облысынан басқа республиканың барлық өңірлерінде өсті. Ең көп өсуі Астана қаласында (1,4%), ең аз өсуі — Ақмола, Атырау және Жамбыл облыстарында (әр қайсысында 0,1%-ға) байқалды.