Жарияланды: 760

2003-жылы Ақтөбе облысындағы орташа жалақы 13 процентке өсті

2003-жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы орташа жалақы өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 13,1 процентке өсіп, 23492 теңгені құрады. Бұл ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен 4,7 есе артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық статистикалық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Статистикалық мәліметтер бойынша, облыс бойынша ең жоғарғы жалақыны қаржы саласның қызметкерлері алады, олардың айлық орташа жалақы мөлшері 35924 теңгеге тең. Өнеркәсіп саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы бұдан сәл төмендеу - 35114 теңгені, ал көлік саласының орташа айлық жалақысы 34340 теңгені құрайды. Құрылыс саласының орташа айлық жалақысы 28041 теңгені, ауылшаруашылығы саласының орташа айлық жалақысы 7433 теңгені, білім беру саласының орташа жалақысы 13957 теңгені, денсаулық сақтау саласның орташа жалақысы 11530 теңгені құрады. Аудандар бойынша орташа жалақы көрсеткішін салыстырар болсақ, орта есеппен 31754 теңгелік ең жоғарғы жалақыны Хромтау ауданының тұрғындары алса, бұдан кейінгі орынды Мұғалжар (28581 теңге) және Темір (22323 теңге) аудандары иемденеді. Облыс орталығындағы орташа жалақы 25213 теңгені құрайды. Ал ең төмен жалақы Қарғалы (9907 теңге) және Ұйыл (8988 теңге) аудандарында тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін