Жарияланды: 510

2003-жылы еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 20,7 млрд. теңгені құрады

Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2003-жылы 65,6 процентке артып, 20,7 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық есеп айырысу меншік капиталы 47,3 процентке өсіп, 9,0 млрд. теңгеге, ал сақтандыру резервтері 66,7 процентке өсіп, 4,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін, 10-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы

Болат Жәмішев хабарлады. Б.Жәмішев ортаға слаған мәліметке сәйкес, 2003-жылы сақтандыру сыйақысының көлемі 27,1%-ке өсіп, 28,9 млрд. теңгеге, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 136,4%-ке өсіп 2,8 млрд. теңгеге жетті. Ерікті мүлік сақтандыру сыйақысы 18,6%-ке өсіп, 23,3 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 80%-ке артып, 4,2 млрд. теңгені, соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 73,5%-ке өсіп, 1,3 млрд. теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 68,6%-ке өсіп, 1,0 млрд. теңгеге, ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 92,5%-ке өсіп, 1,9 млрд. теңгені құрады. Қазіргі жағдаймен 16 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлі жабу процедурасынан өтуде ,- деді Б.Жәмішев. 2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 34 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде 2 ұйым өмірді сақтандыру бойынша, 27-сі көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 28 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым тіркелген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін