"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы сенат комитетінде қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы сенат комитетінде  қаралды

"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы сенат комитетінде қаралды

Бүгін Сенаттың Заң және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің отырысында сенаторлар "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын қарады,- деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметінен.

  • 10 Қараша 2003
  • 357
Фото - Caravan.kz

Отырыста комитет мүшелері республика аймақтарының бюджеттік қаржыландырылу жағдайына назар аударды. Қарағанды облысынан сайланған сенатор Юрий Кубайчук бұрын жабық қала болған Приозерск мен оның іргесіндегі Сарышаған әскери сынақ алаңындағы күрделі мәселелер жайын қозғады. Ал Алматы қаласының мәселелерін тілге тиек еткен комитет мүшесі Жұмабек Төрегелдинов бюджетті қарау кезінде жер сілкінісінің қаупі секілді төтенше жағдайларды ескеру қажеттігін атап өтті. Комитет отырысында бюджет жобасын талқылау барысында сенат депутаттары өз ұсыныстары мен құнды пікірлерін ортаға салды.