2004-жылдан бастап ҚР кедендік бақылау агенттігі жаппай тексерудің орнына адал импорттаушылар үшін "жасыл дәліз" жүйесіне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдан бастап ҚР кедендік бақылау агенттігі жаппай тексерудің орнына адал импорттаушылар үшін   "жасыл дәліз" жүйесіне көшеді

2004-жылдан бастап ҚР кедендік бақылау агенттігі жаппай тексерудің орнына адал импорттаушылар үшін "жасыл дәліз" жүйесіне көшеді

2004-жылдан бастап ҚР кедендік бақылау агенттігі жаппай тексерудің орнына кейінгі кедендік бақылау жүйесіне көшіп, еліміздің көптеген кедендік басқармалары мен өткелектерінде адал импорттаушылар үшін "жасыл дәліз" жүйесіне, ал төлемдерден жалтарып қалуға бейім тұратындар үшін "сары дәліз" жүйесіне ден қояды. Бұл туралы ҚР кедендік бақылау агенттігінің пост-кедендік бақылау басқармасының төрайымы Дина Мамашева бүгін, 17-қазанда Алматыда өткен кәсіпкерлермен кездесуінде хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 541
Фото - Caravan.kz

Жоба бойынша жүкті кедендік рәсімдеудің толықтығы сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушының беделі мен адалдығына, сондай-ақ, оның кеден саласымен қарым-қатынас тәжірибесіне тікелей байланысты болатын жалпыға ортақ халықаралық тәжірибені қолданысқа енгізу көзделген .

«Жасыл дәліз » жүйесі жүкті рәсімдеуде қажетті процедуралардың ең аз көлемінен қысқа мерзімде өтуді қарастырса, ал төлемнен жалтарушылардың жүгі «сары дәліз» жүйесі арқылы, яғни, кедендік бақылауға қатысты бүкіл тексеруден өтеді. Соның арқасында адал төлемшілердің жүгін кедендік рәсімдеу мерзімі 15 минуттан аспауы тиіс. Келесі жағынан сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушы кәсіпорынға кез-келген уақытта кедендік тексеру жүргізіліп, кәсіпорынның ішкі құжатында жүктің көрсетілуі және оның номенклатурасы мен бағасының сәйкестігі қадағалануы мүмкіндігіне әзір болуы тиіс.
Д.Мамашеваның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда еліміздегі сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардың шамамен 50 процентін адал төлемшілер қатарына қосуға болады. Ал қалған кәсіпорындар, соның ішінде жеке тұлғалар, бір күндік кәсіпорындар мен заң бұзуға бейімдігі әшкереленген кәсіпорындар тәуекел тобына жатқызылады.
ҚР кедендік брокерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың бағалауынша, еліміздегі сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушы кәсіпорындардың 10-15 проценті қылмыстық әдістерге бағынады. Ал халықаралық тәжірибеге сәйкес, сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың 80 проценті адалдар санатына, 15 процентке жуығы қауіпті топқа, 5 процентке жуығы қылмыстық топқа жатады. Ал тәуекелділік критерийін кедендік, мемлекеттік және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері бірлесе отырып анықтайды.