2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан халқының саны 14951,3 мың адамды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан халқының саны 14951,3 мың адамды құрады

2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан халқының саны 14951,3 мың адамды құрады

2002-жылдың 1-қаңтарына дейін республика халқының саны азаю ағымы байқалды. Ал 2003-жылдың 1-қаңтарынан бастап халық саны өсе бастаса, 2004-жылдың 1-қаңтарында 14951,3 мың адамға жетті.

  • 25 Ақпан 2004
  • 790
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 25-ақпанда тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халық санағын өткізуге 5 жыл толуына орай Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің төрағасы Қали Әбдиев хабарлады.

Қ.Әбдиев жария еткен мәліметке сәйкес, тұрғындар санына қарай Қазақстан ТМД аясында Ресей, Украина және Өзбекстаннан кейінгі төртінші орында. 2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен 0-14 жас аралығындағы 3741,6 мың бала (жалпы тұрғындар санының 25 проценті), 15-59 жас аралығындағы 9602,4 мың адам (64,2%), 60 жастан жоғары 1607,3 мың қарт адамдар (10,8%) тіркеуде тұр. Сондай-ақ, Қ.Әбдиевтің айтуынша, 1999-жылғы адам санағының қорытындысымен салыстырғанда балалар саны 534,6 мың адамға (12,5%-ке) кемісе, ал 15-59 жас аралығындағылар мен қарттар саны тиісінше 530,9 мың (5,9%) және 1,9 мың (0,1%) адамға артты.
ТМД елдерінің арасынан аумағына қарай Қазақстан Ресейден кейін екінші орында екеніне қарамастан, дүниежүзіндегі халық ең сирек қоныстанған елдердің санатына енеді. 2004-жылдың басындағы жағдаймен Қазақстандағы халықтың орналасу тығыздығы бір шақырымға 5,5 адамнан келді.
2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен республика әкімшілік-аумақтық тұрғыда 14 облыс пен республикалық маңызды 2 қалаға бөлінді. Олардың құрамында 160 аудан, облыстық маңызы бар 39 қала мен аудандық маңызы бар 45 қала, 174 поселкелік, 2261 ауылдық әкімшілік, 181 елдімекен , 7681 ауылдар мен селолар бар.

Соңғы жаңалықтар