Жарияланды: 430

2004-жылдың қаңтар айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 30,7 млрд. теңгені құрады

Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2004-жылдың қаңтар айында 48,0 процентке артып, 30,7 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық есеп айырысу меншік капиталы 93,4 процентке өсіп, 17,5 млрд. теңгеге, ал сақтандыру резервтері 12,4 процентке артып (қайталап сақтандырушы үлесін есепке алмағанда), 14,8 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін, 10-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық

ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады. Қ.Досмұхаметов ортаға салған мәліметке сәйкес, 2004-жылғы 1-ақпанда сақтандыру сыйақысының көлемі 45,8%-ке өсіп, 4,1 млрд. теңгеге, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 67,6%-ке өсіп 0,88 млрд. теңгеге жетті. Ерікті мүлік сақтандыру сыйақысы 35,9%-ке өсіп, 2,8 млрд. теңгеге жетті. Қ.Досмұхаметовтың айтуынша, сақтандыру төлемдерінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 159,6%-ке артып, 0,66 млрд. теңгені, соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 182,6%-ке өсіп, 0,22 млрд. теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 20,2%-ке өсіп, 0,08 млрд. теңгеге, ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 234,2%-ке өсіп, 0,36 млрд. теңгені құрады. 2004-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 34 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде 2 ұйым өмірді сақтандыру бойынша, 27-сі көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 76 аудитор тіркелген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін