2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды
2004-жылғы республикалық бюджетте кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық капиталын толықтыруға 750 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы бүгін, 30-қазанда Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы қарсаңындағы "Мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығы" атты дөңгелек үстелде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады. |
"Аталмыш қордың қаржысы еліміздің дамуы тежелген аймақтарындағы шағын бизнес нысандарын несиелендіру мақсатына бөлінеді",- деді Қ.Келімбетов. "Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес тек Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен бірге, облыс орталықтары мен еліміздің шалғай аудандарында да шоғырлауы тиіс",- деді министр.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, жалпы алғанда алдағы екі жылда қордың жарғылық қорын арттыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін