Жарияланды: 470

2004-жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 855 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде

2004-жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 855 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бюджеттік комиссия құрамындағы сенімді ақпарат көзінен хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, республикалық бюджеттің дефициті Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9-2 проценті шамасында жоспарланып отыр. "Дефицит көлемі 2 проценттен артпайды",- деді ол. Алайда, ақпарат көзінің айтуынша, қазіргі таңда 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігі түбегейлі қалыптасқан жоқ. "Қазір министрліктер мен аймақтар арасында бюджеттік бағдарламалар төңірегінде ақырғы келісімге келу шаралары жүргізілуде",- дейді ол. Ақпарат көзінің айтуынша, тұрақты жұмыс істеуші бюджеттік комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен таяу уақытатрда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу межеленген. Осы отырыста 2004-жылғы бюджет жобасының барлық көрсеткіштері түбегейлі келісіледі. Республикалық бюджеттің жобасы осыдан кейін парламент қарауына тапсырылады. Заң бойынша, республикалық бюджеттің жобасы парламентке 15-қыркүйектен кешіктірілмей парламентке табысталуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін