Жарияланды: 480

2004-жылы Қазақстан Ганновер қаласында өтетін халықаралық көрме-жәрмеңкеге қатысады

Биыл Ганновер қаласында халықаралық ірі көрме-жәрмеңке өтеді. Қазақстанға алғаш рет шара аясында ауқымды көрмелік аумақтар бөлінгелі отыр. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков хабарлады.

Оның айтуынша, ГФР канцлері Герхард Шредер елімізге жасаған ресми сапары кезінде аталмыш көрмеге шақыруды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне тікелей табыс еткен. Ә.Жақсыбековтың айтуынша, көрменің ашылуына Қазақстан мен Германияның мемлекет басшылары қатысады. Сондай-ақ, биыл еліміздің компаниялары Брюссельде өтетін халықаралық көрмеге шақырылды. Ал 2004-жылдың сәуір айында "ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының" тұсаукесері АҚШ-та өтеді деп күтілуде деді Ә.Жақсыбеков. Осыған байланысты министр облыстық әкімшіліктер мен отандық кәсіпорындарға "экономикалық мүмкіндіктеріне қарай" аталмыш көрмелерге белсене қатысу туралы ұсыныс тастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін