2004-жылы Қазақстан Каспий қайраңындағы бірқатар үміт күттіретін ауқымды құрылымдардағы барлау жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыра бастайды
2004-жылы Қазақстан Каспий қайраңындағы "бірқатар үміт күттіретін ауқымды құрылымдардағы барлау жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыра бастайды". Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Келешегі бар кеніштер қатарында ҮР үкімет басшысы Ракушечное, Оңтүстік Жамбай, Сәтпаев сынды кеніштерді атады.
Осы орайда үкімет басшысы "2003-жылдың аяғында "ЛУКОЙЛ" ААҚ-мен келіссөздер аяқталып, Түпқараған кенішіндегі барлау және өндіру, Аташ кенішіндегі барлау жұмыстарын бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылғанын" тағы бір еске салды.
"Қазір осындай келіссөздер "Роснефть" МК" ААҚ-мен арада да жүргізіліп жатыр",- деді Д.Ахметов. "Тұтастай алғанда, мұнайгаз саласындағы үкіметтің басты мақсаты - мұнай өндіруге қатысты барлық процесстерді пәрмендендіруге саяды". "Бұдан кейінгі орында мұнай және басқа да салалардағы кластерлердің негізін қалау құбылыстары жүзеге асырылуы тиіс",- деп пайымдайды үкімет басшысы
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін