Жарияланды: 470

2004-жылы Қазақстан жолаушы тасымалдаушы жаңа ұшақтар сатып алмақшы

2004-жылы Қазақстан сыйымдылығы 70 адамнан тұратын турбобұрандалы 4-6 жолаушы тасымалдаушы ұшақтар сатып алмақшы. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Осы орайда үкімет басшысы "еліміздің Бразилия ұшақтарын сатып алу мүмкіндігін, олардың дүниежүзіндегі ең таңдаулы ұшақтар екенін айғақтағанын" хабарлай отырып, "наурыз-сәуір айынан бастап олар еліміз аспанында аймақаралық бағыттарда ұша бастайды",- деп мәлімдеді. Жаңа ұшақтар сатып алу қажеттігіне тоқталған үкімет басшысы 2004-2006-жылдарда "Як-40 үлгісіндегі барлық ұшақтардың ұшу ресурстары аяқталады, бұдан былай ондай ұшақтармен ұшу қаупі арта түспек",- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, үкімет басшысының хабарлауынша, осыдан үш апта бұрын "Эйр Астана " компаниясы "Боинг-757" ұшағын сатып алған, ол 13-желтоқсаннан бастап Алматы-Лондон-Ганновер бағытында жолаушы тасымалдауға кіріседі. Сондай-ақ, үкімет басшысының мәліметіне жүгінсек, "Эйр Астана " алыс шетелдерге жолаушы тасымалдайтын тағы бір ірі фюзеляжды ұшақ сатып алуды көздеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін