Жарияланды: 600

2004-жылы Қазақстанда отандық ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың дерекқоры құрылады

2004-жылы Қазақстанда отандық ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың дерекқоры құрылады. Бұл туралы бүгін, 17-ақпанда Астанада ҚР индустрия және сауда министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

Ол "отандық кәсіпкерлер туралы мол мәліметтер қорына кең көлемде қол жеткізу мүмкіндігін тудыру қажеттігін" атап көрсетті. "Теориялық тұрғыдан алғанда Қазақстанда осы саладағы тиісті институттар бар, бірақ олардың дерекқоры жабық",- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, "Қазақстандағы ғылыми-инновациялық жобалар туралы ақпараттардан хабардар кәсіпкерлер саусақпен санарлық". Ал елімізде ғылыми жобалар жеткілікті. Д.Ахметов "сол жобаларды өнеркәсіп саласын деңгелек айналдырушы қауымның игілігіне айналдырудың" маңызына ерекше тоқталды. Дерекқор құру туралы тапсырма ҚР индустрия және сауда министрлігі мен білім және ғылым министрліктеріне жүктелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін