2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық нысандар салуға бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық нысандар салуға бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді

2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық нысандар салуға бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді

2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени- тұрмыстық нысандар салуға әр деңгейдегі бюджеттерден 1 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 501 млн. теңге, жергілікті бюджеттерден 506 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және әлеуметтік инфрақұрылым департаменті төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Назмутдинов хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 556
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Петропавл қаласындағы 2004-жылғы «ең жойқын құрылыстар» қатарында қала орталығындағы «Достық» алаңын атауға болады. Бұл жерде тек демалуға ғана емес, сондай-ақ, керек-жарақтарды сатып алуға да мүмкіндік беретін ірі мәдени-сауық орталығы ашылады. Сондай-ақ, облыс орталығында құрт ауруына қарсы диспансердің 100 төсекті емдеу корпусы мен 6 қабатты тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бескөл ауданы орталығында емхана құрылысын салып бітіру көзделген. Бұл жерде, сондай-ақ, жаңа қазақ мектебінің ғимараты салынады. М.Назмутдиновтың айтуынша, биылғы жылы ауылдық жерлердегі су көздері мен су құбыры желілерін салу және оларды реконструкциялау жұмыстары жалғасын табады.
М.Назмутдиновтың айтуынша, құрылыс саласын дамыту нәтижесінде аймақта осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысын тоқтатқан құрылыс индустриясы кәсіпорындары қалпына келтіріледі. «Олардың өндірістік әлеуеті салынып жатқан нысандарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-деді ол. Алдағы уақытта Петропавлдағы кірпіш зауыты мен темір бетон бұйымдар зауыты қайтадан жұмысын бастайды деп күтілуде.