2007 жылдың І жарты жылдығында ҚР сақтандыру компаниялары сыйақы мөлшерін 35 пайызға өсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың І жарты жылдығында ҚР сақтандыру компаниялары сыйақы мөлшерін 35 пайызға өсірді

2007 жылдың І жарты жылдығында ҚР сақтандыру компаниялары сыйақы мөлшерін 35 пайызға өсірді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. 2007 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниялары 77,909 млрд теңге көлемінде сыйақы алды, бұл өткен жылғы осы көрсеткіштен 35 пайызға артық, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі "Еуразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Тамыз 2007
  • 598
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, баспасөз қыөметінің ақпараттарына сүйенсек, тікелей сақтандыру бойынша түсім 66,983 млрд теңгені және 10 926 млрд теңге қайта сақтандыруды құраған. Қазақстан резиденттерінен тікелей сақтандыру бойынша 86 пайыз, немесе 66,983 млрд теңге және резидент еместерден — 2,8 пайыз немесе 2,176 млрд теңге сыйақы алынған.

Компаниялар қайта сақтандыру сыйақысының жалпы көлемінің 80 пайызы, немесе 8,750 млрд теңгесін резиденттерден, 20 пайыз, немесе 2,176 млрд теңгесін резидент еместерден алған, деп айтылған мәтінде.

Сонымен қатар, сыйақының жалпы көлеміндегі «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ үлесіне 12,731 млрд теңге, немесе нарықтың 16,3 пайызы тиесілі. Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында компанияның алған сыйақысының жалпы сомасының 6,714 млрд теңгесі резиденттерден қайта сақтандыруға және 2,105 млрд теңге резидент еместерден қайта сақтандыруға тиесілі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың қаңтар — маусым айларында «Еуразия» Сақтандыру компаниясына Қазақстандағы ішкі қайта сақтандыруға жалпы көлемінің 76,7 пайызы және де шетелде қайта сақтандыруға жалпы көлемнің 96,75 пайызы тиесілі. Есеп беру кезеңінде «Еуразия» әлемнің 45-тен астам елінде қайта сақтандыру тәуекелін қабылдаған.

Сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша жетекші бесеудің үлесіне 54,4 пайыздан астамы тиесілі. Олардың ішінде «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ нарықтағы үлесі 16,34 пайыз, «Альянс-Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ үлесінде — 15,44 пайыз, «Виктория» Сақтандыру компаниясы» АҚ үлесінде — 9,5%, «Казахинстрах» үлесінде — 7,01 пайыз, «АТФ Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ үлесінде — 6,11 пайыз.

«Негізінен қайта сақтандыру тәуекелі Әзербайжанда, Албанияда, Аргентинада, Арменияда, Белоруссияда, Ұлыбританияда, Египетте, Замбияда, Индияда, Иранда, Карибта, Қытайда, Қырғызда, Латвияда, Ливияда, Малайзия, Мексикада, Нигерияда, Нидерландыда, Жаңа Гвинеяда, Пәкістанда, Ресейде, АҚШ-та, Тайваньда, Тринидад және Тобагода, Түркия, Өзбекстан, Украина, Чехия, Чили, ОАР, Оңтүстік Кореяда және б.т.»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.